Accessibility links

Маңғыстауда екпеден соң 60-тай адам ауруханаға түскен


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпеден кейін Жаңаөзенде - 53, Бейнеуде 6 оқушы ауруханаға түсті деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Алмабек Бисенов.

Балалардың бәрі басы ауырып не айналып, жүрегі айнығандарын айтып шағымданған. Олардың бірі реанимация бөлімінде жатыр.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Руслан Бектібаев ол өңірдегі жасөспірімдерге салынған "үндістандық вакцина тексеріліп жатқанын, 24 ақпанда аймаққа денсаулық сақтау министрлігінен арнайы мамандар келетінін" мәлімдеді.

Маңғыстау облысы бойынша осы уақытқа дейін 15-19 жас аралығындағы 12727 жасөспірімге қызылша екпесі салынған.

Ақпан айының басында облыс дәрігерлері 15-19 жас аралығындағы тұрғындар арасында қызылшамен ауыру көбейген соң оларға қосымша екпе салу жұмыстарын бастаған.

XS
SM
MD
LG