Accessibility links

Ирак әскері Бағдади қаласына шабуыл бастады


Дияла провинциясында жүрген Ирак әскері. Желтоқсан, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Дияла провинциясында жүрген Ирак әскері. Желтоқсан, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ әскери басшылығының дерегінше, ирак әскері елдің батысында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы бақылауындағы Бағдади қаласын азат ету операциясын бастаған.

Ирактағы халықаралық коалиция күштеріне қолбасшылық жасайтын генерал Терри Джеймс 800-ге тарта сарбаз америкалық әскери-әуе күштерінің қолдауымен содырлар осы айдың басында басып алған Бағдади қаласына шабуыл бастағанын хабарлаған.

Джеймстің айтуына қарағанда, армия АҚШ жаяу әскері Ирак әскерилерін жаттықтырып жатқан әскери база ауданында қауіпсіздік жағын қамтамасыз еткен. Ол бұған қоса "Ислам мемлекеті" тобының Иракта жаңа территорияларды басып алу қимылдары тоқтап, тек шағын шабуылдар жасауға ғана қауқары қалғанын айтады.

Ресми ақпараттарға қарағанда, ақпанның 22-сінен бастап халықаралық коалиция Ирак пен Сириядағы "Ислам мемлекеті" ұйымының позицияларына әуеден 25 соққы берген.

XS
SM
MD
LG