Грекия билігі халықаралық несие алу бағдарламасын төрт айға созу үшін ұсынатын реформаларын таныстыруды кейінге шегерді.
Ақпанның 20-сында Афина еуро қолданатын елдер билігімен халықаралық несие берушілер - Еуропа орталық банкі, Халықаралық валюта қоры және Еуропа комиссиясына жоспарланып отырған реформаларын ақпанның 23-іне дейін көрсетуге келіскен. Грекия үкіметіндегі дереккөзі реформалар таныстырылымы сейсенбі, ақпанның 24-інде өтпекші деп хабарлады.
Кредиторлар Грекияға жалпы көлемі 240 миллиард еуроны құрайтын несие бағдарламасын созу жайын қарастырып жатыр. Грекия прьемер-министрі Алексис Ципрас сайлау кампаниясы кезінде халыққа бұрынғы үкіметтің несие алу үшін енгізген бюджетті қатаң үнемдеу саясатынан бас тартуға уәде берген.
Еуро қолданатын елдер, оның ішінде Германия Алексис Ципрас үкіметі бюджет тапшылығын бақылауға алмайынша Афинаға жаңа несие беруден бас тартып отыр. Несие беру бағдарламасы ақпанның 28-інде аяқталады. Егер бағдарлама ары қарай созылмаса, онда Грекия дефолтқа ұшырап, еуро аймағынан шығуы ықтимал.