Accessibility links

Шығыс Украинада бітім шарты бұзылып жатыр


Донецкіге жақын Горловка селосында жүрген украин танкілері. 23 ақпан 2015 жыл.
Донецкіге жақын Горловка селосында жүрген украин танкілері. 23 ақпан 2015 жыл.

Украиналық әскерилер мен сепаратистер бірін-бірі 15 ақпанда жарияланған қақтығысты тоқтату келісімін бұзды деп айыптап жатыр.

Ресми Киев әскери іс-қимылдар аймағы сызығынан ауыр қару-жарақты әкетуге мүмкіндік жоғын тағы мәлімдеді.

Украина шығысындағы арнайы операция штабының өкілі Анатолий Стельмахтың айтуынша, кешеден бері сепаратистер украин әскері позицияларын 24 рет атқылап, Попасная мен Луганское елді мекендеріне соққы берген. Сепаратистер Опытное, Тоненькое, Авдеевка елді мекендерін артиллерия мен минометтен атқылап, Широкино елді мекенін басып алуға тағы әрекет жасаған.

Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" өкілдері украин әскері бір тәулік бойы Донецк әуежайы аумағы мен Пески селосын артиллериялық қарудан бірнеше рет атқылады дейді.

"Донецк халық республикасының" "қорғаныс министрі" Эдуард Басуриннің айтуынша, сепаратистер ауыр қару-жарақты әскери іс-қимылдар аймағы сызығынан емес, жекелеген аумақтардан әкете бастаған.

Ақпанның 12-сінде Гермнаия, Франция, Украина және Ресей жетекшілерінің қатысуымен Минскіде жасалған келісім бойынша, ауыр қару-жарақ пен әскери техникаларды шығару ақпанның 16-сында басталып, екі апта ішінде аяқталуы тиіс болған.

XS
SM
MD
LG