Accessibility links

Чехиядағы атыстан тоғыз адам мерт болды


Угерски Брод қаласындағы мейрамхана. 24 ақпан 2015 жыл
Угерски Брод қаласындағы мейрамхана. 24 ақпан 2015 жыл

24 ақпанда Чехияның шығысында болған атыстан тоғыз адам оққа ұшып, бірнеше адам жараланды.

Чехиялық басылымдардың мәлімдеуінше, қаруланған ер адам Прагадан 300 шақырым жерде орналасқан Угерски Брод қаласындағы мейрамханалардың біріне басып кіріп, оқ атқан.

Чехия ішкі істер министрі Милан Хованец мейрамханаға басып кірген ер адамның да мерт болғанын және оқиғаға қатысты тексеру басталғанын мәлімдеді.

Ал қала әкімі Чехия телеарналарына "қаруланған адам 60 жастағы жергілікті тұрғын екенін және ол психикалық ауытқуға ұшыраған адам болуы мүмкін екенін" айтқан.

XS
SM
MD
LG