Accessibility links

Жаңаөзенде тағы үш бала екпеден соң ауруханаға түсті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпеден кейін сәйсенбі күні кешке Ақтаудағы облыстық ауруханаға Жаңаөзеннен тікұшақпен тағы 3 мектеп оқушысы жеткізілген. Маңғыстау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Маржан Нұрланованың айтуынша, оның біреуі жансақтау бөліміне, екеуі неврология бөліміне жатқызылған.

Нұрланова Азаттық тілшісіне олардың хал-жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпаратты телефон арқылы беруден бас тартты.

Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпе салу басталған ақпанның 16-сынан бері 14 мыңнан аса бала егілген. Оның 2333-і - жаңазендік оқушылар.

Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Алмабек Бисенов қызылшаға қарсы екпеден кейін Жаңаөзенде 53, Бейнеуде 6 оқушы ауруханаға түскенін хабарлаған.

Облыстық ауруханада қазір 24 бала жатыр, оның 6 жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақты дейді.

XS
SM
MD
LG