Accessibility links

Мәжіліс бюджетке өзгерістерді мақұлдады


Парламент мәжілісінің отырысы. Астана, 18 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Парламент мәжілісінің отырысы. Астана, 18 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін мәжіліс депутаттары пленарлық отырысында "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға түзетулер мен толықтыруларды мақұлдады.

Отырыста "2015 жылғы республикалық бюджетке түседі деп болжанған кіріс көлемі трансфертті қоспағанда 3 триллион 219 миллиард 900 миллион теңге (939,6 миллиард теңгеге аз) деп белгіленгені" айтылды.

Биылғы жылғы республикалық бюджет шығыны кіріс пен тапшылықтың артуын ескергенде 7 триллион 244 миллиард 500 миллион теңге болып белгіленген.

Отырыста бұған қоса әлемде мұнай бағасының алдағы уақытта да арзандауы ықтимал екендігі ескеріліп, мұнай баррелінің бағасы 50, 40, тіпті 30 АҚШ долларына дейін, металл бағасы бес пайызға арзандаған жағдайда Қазақстан экономикасының даму болжамдары жасалғаны айтылды.

Үкімет жаңа жобалар мен бағдарламаларды іске асыра бастауды және әлеуметтік саладағы бастамаларды орындауды келесі жылға қалдыруды шешкен. Бұдан өзге, әкімшілік және іссапарлық шығындарды қысқарту да ұсынылған.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жалақы мен жәрдемақы көлемі бұрынғы деңгейінде қала береді.

XS
SM
MD
LG