Accessibility links

Украина шетелдік валюта саудасын уақытша шектеді


Киевтегі валюта айырбастау орындарының бірі. 24 ақпан 2015 жыл.
Киевтегі валюта айырбастау орындарының бірі. 24 ақпан 2015 жыл.

Украина Орталық банкі уәкілетті банктердің клиенттері үшін шетел валютасын сатып алуына уақытша тыйым салды.

Ақпанның 25-і мен 27-сіне дейінгі аралықта салынған тыйым - Украина Орталық банкінің құнсызданған ұлттық валюта - гривенді қолдау шараларының бірі саналады.

Орталық банк бұған қоса арнайы есеп-шоттардағы депозиттер арқылы шетел валютасын сатып алу және көлемі 500 мың АҚШ долларынан асатын импорттық ақша аударымдарына алдын-ала төлем жасау үшін күтетін уақытты үш күннен төрт күнге дейін ұзартты.

Украина экономикасы елдің шығысындағы қақтығыстардан былтырдан бері қатты зардап шегіп, ұлттық валюта 70 пайыздайға құнын жоғалтқан.

Ақпанның 23-інде гривенмен саудаласу көлемі бір апта бұрынғы көрсеткіштен тоғыз пайызға азайған соң Орталық банк шетелдік банк аккредитивінсіз 500 мыңнан асатын көлемде төлем жасауға шектеу қойған.

XS
SM
MD
LG