Accessibility links

Назарбаев: Президент сайлауы 26 сәуірде өтеді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Атырау, 30 қыркүйек 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Атырау, 30 қыркүйек 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойғанын мәлімдеді. Ол мұны 25 ақпанда Қазақстан халқына жолдаған видео үндеуінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев 25 ақпанда Астанада сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов және премьер-министр Кәрім Мәсімовпен президент сайлауын өткізу мәселесін талқылаған еді.

Кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы бастаманы ақпанның 14-інде Астанада өткен кеңесте Қазақстан халқы ассамблеясы көтерген. Ассамблея ұсынысын парламент мәжілісі мен сенаты, саяси партиялардың көпшілігі қолдағандарын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG