Accessibility links

Ресей десанты Эстониямен шекарада жаттығу бастады


Ресейлік десантшы жаттығу кезінде. (Көрнекі сурет).
Ресейлік десантшы жаттығу кезінде. (Көрнекі сурет).

Ресейдің 2 мыңға тарта десантшылары мен әскерилері 25 ақпанда елдің батысындағы Эстония және Латвиямен шектесетін Псков облысында әскери жаттығу бастады.

Ақпанның 28-іне дейін созылатын жаттығуда 1500-ге жуық десантшы парашютпен түсіп, әскерилер шартты жаудың аэродромдарын басып алып, жойып жіберуге машықтанады.

Украинадағы дағдарыс басталғалы бері Ресей бірнеше рет әскери жаттығу өткізіп, постсоветтік көршілері мен батыс елдерінің алаңдаушылығын тудырған.

Эстония 24 ақпан - ел тәуелсіздігі күні НАТО құрамындағы Ұлыбритания, Нидерланды, Испания, Латвия және Литва әскерилерінің қатысуымен әскери парад өткізген.

Ақпанның 24-інде Литва билігі биылдан бастап міндетті әскери қызметке шақыруды қайта бастайтынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG