Accessibility links

Ресей депутаттары азық-түлік эмбаргосын жоюды ұсынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Справедливая Россия" партиясының депутаттары Мемлекеттік дума қарауына Ресейге салынған санкцияларға жауап ретінде батыс елдерінен азық-түлік импорттауға салынған эмбаргоны жою туралы заң жобасын ұсынды. Заң жобасы Мемлекеттік дума сайтына жарияланды.

Жоба авторларының айтуынша, азық-түлік әкелуге тыйым салу Ресей конституциясының 34 бабының 1 таармағына қайшы келеді. Ол тармақта ресейлік кез-келген азаматтың кәсіпкерлікпен айналысу үшін өзінің мүмкіндіктері мен мүлкін еркін пайдалануына құқығы бары айтылған.

"Азаматтардың денсаулығына қаупі жоқ, сапалы азық-түлік әкелуге тыйым салу ресейлік кәсіпкерлердің экономикалық іс-әрекетпен айналысу құқығының шектелуіне әкеп соқтырды. Себебі көптеген кәсіпорындарда ол азық-түліктерге балама жоқ" делінген заң жобасына қосымша тіркелген құжатта.

Жоба авторлары бұған қоса үкімет пен президентке экономикалық санкциялар салу туралы шешімді өз бетімен қабылдауына тыйым салуды ұсынады.

Депутаттардың пікірінше, "эмбарго әсері тиімсіз болып қана қойған жоқ, ол сонымен бірге азық-түлік бағасының негізсіз қымбаттауына да әкеп соқтырды. Депутаттар кейбір тауарлар қайта экспорттау тәсілі арқылы Ресейге көрші елдерден қайта импортталып жатқанын айтады.

Өткен жылы батыс елдері Ресейге Қырым түбегін аннексиялап алғаны және Шығыс Украинадағы сепаратистерге қолдау көрсеткені үшін бірқатар қаржы-экономикалық санкциялар салған. Ал 2014 жылдың тамызында Ресей АҚШ, Канада, Еуропа Одағы елдері, Австралия мен Норвегиядан ет, сүт және басқа да азық-түлік тауарларын импорттауға тыйым салған.

XS
SM
MD
LG