Сот шешімімен жабылған Adam bol басылымының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева Adam деп аталатын жаңа жоба ашатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа басылым БАҚ ретінде тіркелгені туралы куәлік алған.
Гүлжан Ерғалиева Adam басылымының редакторы болмайтынын, бұл қызметті Adam bol журналында жұмыс істеген журналист атқаратын айтты. Оның сөзінше, редакция Adam басылымының алғашқы санын 13 наурызда шығаруды жоспарлап отыр.