Украина әскерінің бас штабы 26 ақпаннан бастап елдің шығысындағы Донбастағы атыс аймағынан қару-жарақтарының алғашқы легін шығара бастағандарын мәлімдеді.
Бас штаб жариялаған мәлімдемеде: "12 ақпандағы Минск келісіміне сай Украина атыс аймағынан ауыр қару-жарақтарын шығара бастады. Қару жарақтарды шығару ЕҚЫҰ-ның толық бақылауында болады" делінген.
Украина әскері соңғы екі күнде Донбасс аймағында бірде-бір атыс тіркелмегенін айтты.
2014 жылдың сәуірінен бері Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистермен арадағы қақтығыстан 5500-ден астам адам мерт болған.