Accessibility links

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы 26 ақпанда Мосулдағы (Ирак) ежелгі мұраларды қиратып жатқандары туралы видео жариялады.

Бес минуттық видеода бетіне қара маска киген ИМ мүшелерінің Мосулдағы тарихи ескерткіштер мен мұражайларды қалай бұзып жатқаны көрсетілген. Видеодағы ер адамның бірі оларды "қиратылуы тиіс орындар" деп сипаттайды.

ИМ осыған дейін Ирактағы бірнеше тарихи орындарды бүлдірген.

ИМ содырлары 24-26 ақпанда Сирияда 220 ассириялық христианды ұстап әкеткен еді. Сирия әскері бұл әрекетке жауап ретінде 26 ақпанда ИМ бақылауындағы аймақтарға әуе шабуылын ұйымдастырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG