Accessibility links

HRW: Күрдтер арабтардың үйіне оралуына кедергі жасайды


Ниневия провинциясында жүрген күрд жасақтары. Ирак. (Көрнекі сурет).
Ниневия провинциясында жүрген күрд жасақтары. Ирак. (Көрнекі сурет).

Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымының мәлімдеуінше, күрд жасақтары "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымынан өткен жылдың тамыз айынан бері қайтарып алған мыңдаған арабты Ирактың солтүстігіндегі "қауіпсіз аймаққа" орналастырған. Ұйым есебінде күрд жасақтары арабтардың Найнав пен Ирбилдегі әскери іс-қимылдар кезінде тастап кеткен үйлеріне қайтып оралуына мүмкіндік бермей отырғаны айтылады.

Құқық қорғаушылардың дерегінше, арабтардың үйлеріне күрдтердің кіріп, орналасып алуына рұқсат етілген.

HRW шектеулердің бір бөлігі қаңтар айында алынып тасталғанымен, әлі біраз қысым түрлері күшінде екенін айтады. Ұйым ақпаратына қарағанда, күрд басшылығы өз автономиясына қосып алуға тырысатын аудандардағы арабтардың үйлерін күрдтер қиратқан.

Құқық қорғаушылар күрдтерді "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларының шабуылы үшін барлық араб қауымын жаппай жазаламауға" шақырады.

XS
SM
MD
LG