Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының видеожазбаларына түсіп жүрген, британ акцентімен сөйлейтін бетперде киген ер адамның кім екені белгілі болды.
BBC дерегінше, видеолардағы "жиһадшы Джон" деп аталатын содыр - Мұхаммед Эмвази деген Кувейтте туған Ұлыбритания азаматы. Ол -Лондонның батыс жағында тұрған және британ арнайы қызметіне бұрыннан белгілі адам.
Washington Post басылымы Эмвазидің ауқатты отбасынан шыққанын және коллежде компьютерлік бағдарламалар жасау бойынша оқығанын хабарлады. Басылымның дерегінше, Эмвази Сирияға 2015 жылы кетіп, кейін ИМ содырларына қосылған.
Ұлыбритания полициясы әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсінік беруден бас тартып отыр. ИМ таратқан видеоларда "жиһадшы Джон" үш америкалық пен бір британдықтың басын алған.