АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри наурыздың 2-сінде Швейцарияда Ресей және Иран сыртқы істер министрлерімен кездеседі.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу Украинадағы жағдайды талқылауға арналмақ. Керри бұған дейін Мәскеуді Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистерге қолдау көрсетіп отыр деп айыптаған.
Женевада Керри бұған қоса БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі жиынында сөйлейді.
Керри мен Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Швейцарияның курортты Монтре қаласында Иранның ядролық бағдарламасына халықаралық бақылау орнатып, есесіне Тегеранға қарсы салынған экономикалық санкцияларды жеңілдету жайын талқыламақ.
Болжам бойынша, Иран мен ядролық бағдарламаға қатысты келіссөзге қатысып жатқан әлемдік алты держава наурыздың 31-іне дейін аралық келісімге қол қоймақ.