Accessibility links

ЕҚЫҰ Киевтің Ресей тілшілеріне қатысты әрекетін айыптады


ЕҚЫұ-ның баспасөз құқығын қорғау жөніндегі өкілі Дуня Миятович.
ЕҚЫұ-ның баспасөз құқығын қорғау жөніндегі өкілі Дуня Миятович.

ЕҚЫҰ-ның баспасөз құқығын қорғау жөніндегі өкілі Дуня Миятович Киевтің таяуда ресейлік журналистердің кәсіби қызметін атқаруын шектейтін шаралар қабылдауын "шектен шығушылық" деп айыптады.

Миятович ресми мәлімдемесінде бұл мәселеде ашықтықтың жоқтығы "күмән тудырады" деді.

12 ақпанда Украина Жоғарғы Радасы ресейлік жүзге тарта ақпарат құралына мемлекеттік органдарға, оның ішінде парламент жұмысына қатысуына берілген аккредитациясын қайтарып алған. Аккредитациядан айырылған ақпарат құралдарының тізімі жарияланбады. Билік орындары бұл шешімнің себептерін түсіндірмеді де.

Миятович Украина үкіметін не себепті мұндай шешім қабылдағанын түсіндіріп, аккредитациясын тартып алған ақпарат құралдарының тізімін көрсетуге шақырды.

ЕҚЫҰ өкілі бұған қоса 25 ақпанда ресейлік екі телеарна қызметкерінің Украинаға қарсы үгіт-насихат жасағаны үшін ұсталып, депортацияланғаны туралы ақпарат барын да айтты.

Екі журналиске Украинаға кіруге бес жылға дейін тыйым салынған. Ресми орындары 25 ақпанда тағы бір ресейлік журналистің Украина территориясына кіруіне рұқсат етуден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG