Accessibility links

Борис Немцовты наурыздың 3-і күні жерлейді


Оппозициялық саясаткер Борис Немцов қаза тапқан жерге гүл қойып жатқан адамдар. Мәскеу, 28 ақпан 2015 жыл.
Оппозициялық саясаткер Борис Немцов қаза тапқан жерге гүл қойып жатқан адамдар. Мәскеу, 28 ақпан 2015 жыл.

Қастандық құрбаны болған ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі сейсенбі, наурыздың 3-і күні Мәскеудегі Сахаров орталығында өтеді. Қаралы рәсім таңертеңгі сағат 10-да басталады. Марқұм сол күні Мәскеудегі Троекуров зиратына жерленеді.

Бүгін таңнан бері Мәскеу Кремлі маңындағы Борис Немцов қаза тапқан жерге жұрт толассыз келіп, гүл шоқтарын қойып жатыр.

55 жастағы Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні кешкісін Мәскеудің орталығында белгісіз біреулер ту сыртынан бірнеше рет атып өлтірді. Тергеушілер бұл қылмысқа байланысты жасап отырған бірнеше болжамның арасында «елдегі саяси жағдайдың шырқын бұзуды көздейтін арандату» деген долбар да бар.

Жексенбі, наурыздың 1-і күні Мәскеуде Борис Немцовты еске алуға арналған қаралы шеру өтеді. Бүгін оппозиция өкілдері бұған дейін өткізу жоспарланған «Весна» қарсылық шеруінің орнына Борис Немцовты еске алу акциясын өткізуді ұйғарып, қала билігінің келісімін алған.

XS
SM
MD
LG