Accessibility links

"Астана" Қазақстан суперкубогын иеленді


"Астана" командасы Қазақстан суперкубогын иеленді. Астана. 1 наурыз 2015 жыл (Сурет ҚФФ алынды)

Бүгін, наурыздың 1-і күні Астанада футболдан Қазақстан суперкубогы үшін өткен матчта ел чемпионы "Астана" мен Қазақстан кубогын иеленген "Қайрат" командалары кездесті.

Ойынның негізгі уақыты мен қосымша уақытта да гол салынған жоқ. Матчтан кейінгі пенальти бойынша "Астана" 3:2 есебімен жеңіске жетті.

"Астана" командасы Қазақстан суперкубогын алғаш рет иеленді.

Футболдан Қазақстан чемпионаты алдағы аптада, наурыздың 7-і күні басталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде қазақ тілінде редактор. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан, Джакартада өткен Азия ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG