Accessibility links

Мәскеуде шеру қарсаңында Украина депутаты ұсталды


Украиналық депутат Алексей Гончаренко Борис Немцовты еске алу шеруі қарсаңында. Мәскеу, 1 наурыз 2015 жыл.
Украиналық депутат Алексей Гончаренко Борис Немцовты еске алу шеруі қарсаңында. Мәскеу, 1 наурыз 2015 жыл.

Кейбір ақпараттар бойынша, Мәскеуде қастандық құрбаны болған оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу шеруі қарсаңында осы қалада жүрген Украина парламенті - Жоғарғы Рада депутаты Алексей Гончаренконы полиция ұстады.

Facebook-тегі парақшасында Гончаренко "Мені полиция ұстап әкетті. Ешқандай ұран айтқан жоқпын, плакат ұстап, я ту көтеріп шыққан жоқпын, тек футболкам үшін ұстады" деп жазды.

Интернетте жарияланған видеода депутат Немцовтың суреті басылған және "Қаһармандар өлмейді" деген жазуы бар футболка киіп алған. Ресейлік телеарналар да Гончаренконың Мәскеуде ұсталғанын және оның тергеушілерге берілетінін хабарлады.

Кремльді жақтаушылар депутатты өткен жылдың мамыр айында Одессада бірнеше ресейшіл белсенді қаза тапқан наразылық акциясына қатысқан деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG