Accessibility links

ХҒС астронавтары ашық ғарышқа шықты


НАСА автронавты Терри Виртс ашық ғарышта жұмыс істеп жатыр. 25 ақпан 2015 жыл.
НАСА автронавты Терри Виртс ашық ғарышта жұмыс істеп жатыр. 25 ақпан 2015 жыл.

Халықаралық ғарыш станциясындағы (ХҒС) НАСА-ның екі астронавты Барри Уилмор мен Терри Виртс жаңа коммерциялық ғарыш апараттарына арналған коммуникациялық және навигациялық аппараттарды орнату үшін жеті сағатқа ашық космосқа шықты.

ХҒС астронавтары соңғы жеті күнде осымен үшінші рет ашық ғарышқа шығып отыр. Астронавтар Boeing және Space Exploration Technologies компаниялары жасаған ғарыш кемелерін тіркейтін орын дайындап жатыр.

Виртс пен Уилмор ғарыш аппараттары жақындап, түйісетін кезде навигация жасауда пайдаланатын 120 метрден астам кабель тартып, екі антенна орнатты.

НАСА соңғы рет мұндай ашық ғарышқа шығып орындайтын операцияларды Shuttle ұшыру бағдарламасы кезінде жасаған. НАСА өкілінің хабарлауынша, бұған дейін 120 метрден асатын кабель тартылмаған.

XS
SM
MD
LG