Accessibility links

Мәскеуде ұсталған Украина депутаты босатылды


Украина депутаты Алексей Гончаренко Борис Немцовты еске алу шеруінде жүр. Мәскеу, 1 наурыз 2015 жыл.
Украина депутаты Алексей Гончаренко Борис Немцовты еске алу шеруінде жүр. Мәскеу, 1 наурыз 2015 жыл.

"Мәскеуде ұсталған Украина парламентінің депутаты Алексей Гончаренко полиция бөлімшесінен босатылды" деп хабарлады депутаттың өкілі Николай Полозов.

Бұан дейін Гончаренконы Мәскеудегі Борис Немцовты еске алу шеруінде полиция ұстап әкеткен. Ресей тергеу комитеті Украина депутатының "полицияға бағынбағаны үшін ұсталғанын" хабарлаған.

Гончаренконың тағы бір адвокаты Марк Фейгиннің сөзінше, бүгін Мәскеудің Тверь аудандық сотында әкімшілік іс бойынша сот өтеді. Фейгин қазір Гончаренко мен оның адвокатының Украинаның Мәскеудегі елшілігінде екенін айтады.

Украина Жоғарғы Радасының төрағасы Владимир Гройсман Гончаренконың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болысымен Украина ішкі істер министрлігінен депутатты дереу босату шараларын қабылдауды сұраған. Гройсманның мәлімдемесінде "Халық депутатында дипломатиялық иммунитет бар. Оны тұтқындау халықаралық құқық нормаларын бұзу болып саналады" деп жазылған.

Бұл оқиғадан хабары бар дереккөзінің "Интерфакс" агенттігіне хабарлауынша, "Алексей Гончаренконың 2014 жылы 2 мамыр күні Одессада (Украина) болған оқиғаларға қатысты Ресейде қозғалған қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін".

"Народный фронт. Новороссия" қозғалысының белсендісі, "Глагол" басылымының редакторы Константин Долгов Facebook-те "Гончаренконы "одессалық белсенділердің қазасына қатысы бар" деп санайтындықтан, Ресей тергеу комитетінен оны ұстауды сұрағанын" жазды.

Ресейлік "Антимайдан" қозғалысы арнайы мәлімдеме таратып, құзырлы органдардан Гончаренконы тұтқындауды талап етті. Мәлімдемеде "Алексей Гончаренко 2 мамыр күні Одессада Куликово алаңында болды. Ол "Антимайдан" қозғалысының одессалық белсенділеріне қарсы ұйымдастырылған қанды қырғынға тікелей қатысты" деп жазылған.

XS
SM
MD
LG