Accessibility links

Қазақстан Ресей жанармайына 45 күндік шектеу қойды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

2 наурызда Астанада өткен сенаттың арнайы отырысында энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Ресейден дизелдік отын мен бензин тасымалына 45 күндік мерзімге конвенциялық тыйым салатынын мәлімдеді.

Министр "аталған тыйым 5 наурыздан бастап енгізілетінін" айтты.

«Жыл басынан бері екі айда елімізде Қазақстанда жанар-жағармай қоры жинақталды. Бұл тыйым бензин бағасына әсер етпеуі тиіс. Тек 45 күннен кейін біз бұл тыйымды алып тастауымыз мүмкін, осылайша жанар-жағармайдың нарығы жыл бойына реттеліп отырады», - деді вице-министр

Энергетика министрлігінің есебінше, 2015 жылы Қазақстан Ресейден 1 млн 100 мың тонна бензин мен 760 мың тонна дизелдік отын алуды жоспарлап отыр.

XS
SM
MD
LG