Accessibility links

Билл Гейтс - әлемдегі ең бай адам


Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс.
Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс.

Forbes журналының әлемдегі ең бай адамдарының жыл сайынғы тізімінде Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс биыл мексикалық бизнесмен Карлос Слимды басып озып, бірінші орынға шықты.

Журнал есебінше, Гейтстің табысы үш миллиард АҚШ долларына артып, 79 миллиард долларға жеткен. Миллиардерлер өткен жылға қарағанда 181 адамға көбейіп, рекордтық көрсеткіш - 1 мың 826 адамға жеткен. Әлемдегі ең бай адамның 15-і АҚШ-та тұрады.

Forbes тізіміндегі 46 миллиардердің жасы 40-қа толмаған. 138 адам миллиардерлер тізімінен шығып қалған. Тізімнен шыққандардың арасында Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко да бар.

Журнал тізімінде ресейлік бизнесмен Владимир Потанин (60-орын), украиналық бизнесмен Ринат Ахметов (201-орын) және Грузияның экс-премьері Бидзина Иванишвили (291-орын) де бар.

Қазақстаннан бұл тізімге 2,6 миллиард АҚШ долларымен Болат Өтемұратов (714-орын); 2,2 миллиард долларымен Алиджан Ибрагимов (847-орын); Қазақстан президентінің қызы мен күйеубаласы - Динара Құлыбаева (2,1 миллиард, 894-орын) және Тимур Құлыбаев (2,1 миллиард, 894-орын) кірген. Бір миллиард 800 миллион доллардың иесі мыс магнаты Владимир Ким Forbes рейтингінде 1054-шы орынды иеленген.

Ал 2,2 миллиард долларымен 847-орынға тұрақтаған Александр Машкевичтің елі Forbes-тің жаңа тізімінде Израиль деп көрсетілсе, 2 миллиард доллары бар Патох Шодиевтің (949-орын) елі ретінде Бельгия жазылған.

XS
SM
MD
LG