Оралда бүгін "Абырой" қоғамдық бірлестігінің белсенділері Ресей консулдығы алдына жиналып, қастандық құрбаны болған ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алды.
- Мәскеудегі бұл арсыз қылмыс ашылып, оған қатысы барлар табылады деп үміттенеміз, - деді азаматтық белсенді Азамат Мұқанов.
Белсенділер консулдық алдына гүл шоғы мен Борис Немцовтың суретін қойып, марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ресейлік оппозициялық саясаткер өткен жұма күні кешкісін Мәскеудің орталығында қастандықтан қаза тапқан еді.