Ауғанстан үкіметі 3 наурыз күні Гильменд провинциясындағы әскери базалардың бірінің маңында жанкешті өзін көліктің ішінде жарып, оқиғадан жеті адам қаза тауып, тағы жеті кісінің жараланғанын хабарлады.
Гильменд провинциясының полицейі Фарид Ахмад Обаидтің айтуынша, жанкешті Сангин ауданындағы әскери базаны жармақ болған.
Әзірге жарылысты ешқандай ұйым мойнына алған жоқ.
Ауғанстан үкіметі ақпаннан бері Гильмендте "Талибанмен" күресті күшейткен.