Accessibility links

Батыс Минск келісімі бұзылса санкцияны күшейтпек


Донецкідегі қираған әуежай маңында жүрген ресейшіл сепаратист. Донецк, 3 наурыз 2015 жыл.
Донецкідегі қираған әуежай маңында жүрген ресейшіл сепаратист. Донецк, 3 наурыз 2015 жыл.

АҚШ пен Еуропа елдері басшылары наурыздың 3-інде видеоконференция арқылы Украинадағы жағдайды талқылады.

Франция билігінің хабарлауынша, конференцияға қатысушылар Донбасстағы қақтығысты тоқтату туралы келісім бұзылса, халықаралық қауымдастық тарапынан қатаң реакция білдірілуі қажет деп ұйғарған.

Берлиннің мәлімдеуінше, келіссөзде Мәскеу Украина шығысындағы қарулы қақтығысты шиеленістіре беруін қоймаса, Ресейге жаңа санкциялар салуға дайын болу керектігі айтылған.

Бұдан өзге, батыс елдері басшылары Донбасстағы ЕҚЫҰ-ның арнайы бақылау миссиясына қолдауды күшейтуге де келіскен.

Соңғы тәулікте Украина шығысындағы қақтығыс аймағында үш украин сарбазы қаза тауып, тоғызы жараланған. Украина армиясы арнайы операциялар штабының өкілі Андрей Лысенконың айтуынша, украин әскерінің шебі 20 мәртеден көп атқыланған.

Киев сепаратистер келісімді орындамай отыр және ауыр қару-жарағын әскери іс-қимылдар аймағынан әкеткен кейіп қана танытады дейді.

Кеше Донбасстағы қақтығысты реттеудегі ЕҚЫҰ, Украина және Ресей байланыс тобындағы украин жағының өкілі Леонид Кучма өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" мен "Луганск халық республикасы" басшыларын ауыр қару-жарақтар әкетілген жаққа ЕҚЫҰ бақылаушыларын жіберуге шақырған.

XS
SM
MD
LG