Accessibility links

Адвокат: Царнаевтың жарылысқа қатысы бар


Айыпталушы Джохар Царнаевтың (оң жақтан екінші) соттағы кескіні.
Айыпталушы Джохар Царнаевтың (оң жақтан екінші) соттағы кескіні.

АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан 2013 жылғы марафон кезіндегі жарылысқа қатысты сотта Джохар Царнаевтың адвокаттары оның жарылыстарға қатысы бар екенін мәлімдеді.

Адвокат Джуди Кларк Царнаев полициямен атыста қаза тапқан ағасы Тамерлан Царнаевтың ықпалында болғанын айтты.

2013 жылы 15 сәуір күні марафон аяқталар сәтте болған екі жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам кісі жараланған. Джохар Царнаевқа 30 бап бойынша айып тағылған. Айыпты деп танылса Царнаев өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Прокуратураның пікірінше, жарылғыш құрылғы барынша көп адамды мерт ететіндей жасалған. Айыптаушы тарап "Джохар Царнаев адамдарды өлтіруге келіскендіктен, оның жаралысқа қатысты жауапкершілігі ағасынікінен кем емес" деген пікір айтады. Тергеушілер Солтүстік Кавказдан шыққан Царнаевтар отбасында "АҚШ-тың мұсылман елдеріндегі әскери әрекеттері үшін кек алу мақсаты және ашу-ыза бар" деп санайды.

XS
SM
MD
LG