Accessibility links

АҚШ-тың Оңтүстік Кореядағы елшісіне шабуыл жасалды


Ақ үй "АҚШ-тың Оңтүстік Кореядағы елшісі Марк Липперттің Сеулде қарулы шабуыл кезінде жараланғанын, бірақ өміріне қауіп төніп тұрмағанын" хабарлады. Жергілікті ақпарат құралдарының ақпаратына қарағанда, "дипломаттың бетін ұстарамен тіліп жіберген азамат ұсталған". Шабуылдаушы оқиға кезінде соғысқа қарсы ұрандар айтып, айқайлаған.

Ақпарат құралдарында елшінің ауруханада жатқан суреті де жарияланды.

АҚШ пен Оңтүстік Корея осы аптада бірлескен әскери жаттығу бастап, Солтүстік Кореяның наразылығын тудырған.

42 жастағы Марк Липперт елші қызметіне өткен жылдың қазан айында кіріскен.

XS
SM
MD
LG