Accessibility links

HRW Қырғызстанды гейлерге қарсы заңнан бас тартуға шақырды


Human Rights Watch ұйымының Еуропа және орталық Азия аймағы бойынша директоры Хью Вильямсон.
Human Rights Watch ұйымының Еуропа және орталық Азия аймағы бойынша директоры Хью Вильямсон.

Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Қырғызстанды өткен айда парламенттің заң, қоғамдық тәртіп және қылмыспен күрес комитеті мақұлдаған "жыныстық кемсітуге жол беретін гомосексуализм туралы" заң жобасынан бас тартуға шақырды.

Ұйым ресми мәлімдемесінде заң жобасы авторларына хат жолдап, депутаттарды "Қырғызстан конституциясында жазылған кемсітушілікке жол бермеу ұстанымын орындауға" шақырғанын хабарлады.

HRW ұйымының Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша директоры Хью Вильямсон депутаттардың "кемсітушіліктен бас тарту ұстанымын, конституция мен халықаралық құқықтық нормаларды өздерінің дәстүрлі құндылықтық көзқарастарынан жоғары қоюға міндетті екенін мәлімдеді.

Заң жобасы қабылданса, онда «гомосексуализмді насихаттағандар» алты айдан бір жылға дейін түрме жазасына кесіледі. Бір жынысты некені «БАҚ арқылы насихаттаған» журналистер де жауапқа тартылады.

Заң жобасы бұған қоса гомосексуалистердің өз құқықтарын қорғайтын ұйым құруына тыйым салады.

Қырғызстан парламенті заң жобасын екінші оқылымда мақұлдауы қажет. Жоба мақұлданса, онда ол президенттің қол қоюына жөнелтіледі.

XS
SM
MD
LG