Accessibility links

Түркияда тәжік оппозициялық саясаткерін атып кетті


Стамбулдағы тәжік оппозициясының жетекшісі Умарали Куватовқа қастандық жасалған жер. Түркия, 6 наурыз 2015 жыл.
Стамбулдағы тәжік оппозициясының жетекшісі Умарали Куватовқа қастандық жасалған жер. Түркия, 6 наурыз 2015 жыл.

Түркия билігі Тәжікстанның «24 тобы» (Group24) оппозициялық ұйымының жетекшісі, қуғындағы кәсіпкер Умарали Куватовтың Стамбулдың Фатих ауданында қастандықтан қаза тапқанын хабарлады.

Кубатовтың серіктерінің бірі Шарофиддин Гадоевтің Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарлауынша, белгісіз адам Куватовты басынан атқан. Оппозициялық саясаткер оқиға орнында көз жұмған.

Түркиялық habarler.com порталының хабарлауынша, 47 жастағы Куватовты 5 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 22.30-да танысымен бірге жүрген жерінен белгісіз біреу келіп атып, оқиға орнынан бой тасалап үлгерген.

Қазір саясаткердің өлімін Стамбул полициясының терроризммен күрес бөлімі тексеріп жатыр.

XS
SM
MD
LG