Accessibility links

Назарбаев «өзгеше жоспары» жайлы айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев .
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев .

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әйелдер мекересі қарсаңындағы әйелдермен кездесуінде өзінің "сайлауға түсу керек пе?" деген сауалға әлі нақты шешім қабылдамағанын айтты.

Қазақстандағы жергілікті БАҚ Назарбаевтың «Сайлау науқаны басталды. Бұл туралы идеяны негізінен әйелдер қолдады. Сайлауға түскенімді қолдайтын мыңдаған адамдардан хат алып жатырмын, олар кандидатурамды ұсынғанымды сұрайды... Шынымды айтсам, менің жоспарым мүлде басқа еді. Мен тәуелсіздіктің бастауында тұрдым. Театрда айтатындай декорацияны өзгертетін уақыт келген шығар» деген сөзін таратты.

Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Назарбаев кезінде Сингапур лидерінен неге отставкаға кеткенін сұрағанын айтқан. Назарбаевтың сөзінше, Сингапур жетекшісі оған "31 жыл ел басқарғанын", "соңғы жылдары телевизордан көргенде өзіне-өзі ұнамағанын" айтқан.

Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуір күні өтетін болып белгіленді. Әзірге сегіз адам өз кандидатураларын, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясынан бір кандидатура ұсынды. Олардың ішінде бір үміткердің қазақ тілі емтиханынан өте алмағаны хабарланды.

Назарбаев сайлауға түсетін-түспейтінін әлі мәлімдеген жоқ. 11 наурыз күні Астанада Назарбаев басқаратын "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс съезі өтеді.

XS
SM
MD
LG