Accessibility links

Берлин мен Мәскеу ЕҚЫҰ бақылаушыларын көбейтуді сұрады


Украиналық әскерилерді бақылап тұрған ЕҚЫҰ арнайы мониторинг тобының мүшесі. Донецк облысы, Украина, 27 ақпан 2015 жыл.
Украиналық әскерилерді бақылап тұрған ЕҚЫҰ арнайы мониторинг тобының мүшесі. Донецк облысы, Украина, 27 ақпан 2015 жыл.

Германия мен Ресей Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын (ЕҚЫҰ) Украинаның шығысындағы бақылаушыларының санын ұлғайтуға шақырды. Бұл жайында екі елдің сыртқы істер министрлері Франк-Вальтер Штайнмайер мен Сергей Лавровтың телефонмен әңгімесі кезінде сөз болған.

Германия министрі жанжалға қатысушы тараптар ауыр қару-жарақты апардық деп отырған аймақтарға ЕҚЫҰ бақылаушыларын жіберу қажеттігін айтқан.

Бұған дейін жұма күні Берлинде Германия, Франция, Украина мен Ресей өкілдері Донбастағы дағдарысты реттеу жолдарын талқылаған.

Сол күні Ригада басталған Еуропа Одағы сыртқы істер министрлерінің екі күндік бейресми кездесуіндегі негізгі тақырыптардың бірі Украинадағы жағдайға арналды. Жиында сөйлеген Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини Еуроодақ Ресей мен Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистерге қарсы жаңа санкциялар енгізуге әзір, бірақ ең басымды мәселе – дағдарыс аймағындағы келісімді сақтауға күш салу деп мәлімдеген.

Жұма күні Варшавада польшалық әріптесімен келіссөздерден соң Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хэммонд Ресейге санкцияларды күшейтуге Лондонның дайын екендігін айтқан.

XS
SM
MD
LG