Accessibility links

Елшілік: Ауғанстанда зардап шеккен - қырғыздар


Забулдағы кепілге алу оқиғасынан соң Кабул полициясы күзейтті күшейткен сәт. 24 ақпан 2015 жыл
Забулдағы кепілге алу оқиғасынан соң Кабул полициясы күзейтті күшейткен сәт. 24 ақпан 2015 жыл

Ауғанстанның Забул провинциясында 5 наурыз күні содырлар тұтқынына түскендерді азат ету операциясы кезінде үкімет күштеріне қарсы жақта бірі қаза тауып, бірі жараланған екі әйел қырғызстандық деп жарияланды. Бұл туралы Азаттыққа Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігі хабарлады.

Үкімет күштері арнайы операция барысында қаза тапқан 50-ге жуық содырдың 21-і – шетел азаматы деп хабарлаған еді. Содырлар жағында болған екі әйелдің біреуі қаза тауып, біреуі жараланған. Қазақстан елшілігінің өкілі 7 наурыз күні Азаттыққа: "Қаза тапқан әйел де, босатылған әйел де - қырғызстандық. Жараланған әйел қазір Кандагар қаласындағы емханада жатыр" деді.

24 ақпанда Кабул мен Кандагар арасындағы жолда кетіп бара жатқан жолаушылар автобусын бет-жүздерін тұмшалаған белгісіз топ тоқтатып, көлік ішіндегі 30 жуық жолаушыны кепілге алған еді. Оларды босату мақсатында Ауғанстан билігінің содырлармен жүргізген келіссөздері нәтижесіз аяқталып, 5 наурызда құтқару операциясы жасалған болатын.

XS
SM
MD
LG