Accessibility links

Порошенко Путин қандай жауап бергенін айтты


Украина президенті Петр Порошенко.
Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенконың украиналық Надежда Савченконы түрмеден босатуды талап етіп жазған хатына Ресей президенті Владимир Путин тұтқын мәселесіне қатысты шешім «құқық нормалары мен гуманизм принциптеріне» негізделетін болады деп жауап берген.

Бұл туралы Порошенко Киевте АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Энтони Блинкенмен кездесуде хабарлаған. Ол Савченконың бостандығы үшін белсенді іс-әрекеттерді жалғастыру қажеттігін айтқан.

Жұма күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Порошенконың хатына Путин жауап жазғанын айтқанымен, оның мазмұнын ашпаған еді.

Украинаның Луганск қаласы маңында мерт болған ресейлік журналистердің қазасына қатысы бар деген айып тағылған Надежда Савченко былтыр жаздан бері Ресей абақтысында қамауда отыр. Журналистер қазасына қатысы жоғын және өзін сепаратистер Ресейге күштеп әкелгенін айтқан Савченко тағылған айыптарға наразылық ретінде 80 күннен аса аштық акциясын өткізді.

Наурыздың 6-сы күні Савченко аштықтан біртіндеп шығу үшін өзіне арнайы диета дайындап беруді сұрап дәрігерлерге өтініш жасағаны хабарланған.

Жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысында осы ұйымның және АҚШ пен Ұлыбритания өкілдері Ресейден Надежда Савченконы дереу бостандыққа шығаруды талап еткен.

XS
SM
MD
LG