Accessibility links

Тергеу комитеті Немцов өліміне күдіктілер ұсталғанын растады


Ресей оппозициялық саясаткері Борис Немцов.
Ресей оппозициялық саясаткері Борис Немцов.

Ресей тергеу комитеті оппозициялық саясаткер Борис Немцовты өлтіруге қатысы бар деген күдікпен Анзор Губашев және Заур Дадаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады.

Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин ұсталған екі адам Немцовты өлтіруді ұйымдастырған және орындаған деген күдікке ілініп отырғанын мәлімдеген.

Бұған дейін Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚК) басшысы Александр Бортников бүгін ресейлік «Первый канал» телеарнасына Немцовтың қазасына күджікті ретінде Анзор Губашев және Заур Дадаев деген адамдар ұсталғаны туралы айтқан еді.

Немцовтың жақын серіктерінің бірі, оппозиционер Илья Яшин «ұсталғандардың қылмысқа қатысы барына ФҚК көпшіліктің көзін жеткізу тиіс» деп мәлімдеген. Ол әзірше тергеудің «нақты сол орындаушыларды тапқанын немесе жалған ізге түскенін» ажырату әзірше қиын дейді. Оның пікірінше, ең бастысы кісі өлтіруге «тапсырыс берушілерді анықтап, ұстау» болмақ.

Ресей оппозициясының жетекшісі 55 жастағы Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні кешке Мәскеуде Кремль маңындағы көпірде ту сыртынан бірнеше рет атып өлтірген.

XS
SM
MD
LG