Accessibility links

Еурокомиссия басшысы ЕО әскерін құруға шақырды


Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер.
Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер.

Еуропа комиссиясының басшысы Жан-Клод Юнкер Еуропа Одағының армиясын құру туралы ұсыныс айтты.

Германияның Die Welt газетіне берген сұхбатында Юнкер ондай қарулы күштер Еуропа Одағы шекарасынан тыс жерде жаңадан пайда болған қауіп-қатерге қарсы нәтижелі жауап беруге және Еуроодақ өз құндылықтарын қорғауға ниетті екенін Ресейге ұқтыруға жәрдемдесетінін мәлімдеген.

Юнкердің пікірінше, жаңа армия Еуропа Одағының сыртқы саясатының жалпы бағыты мен оның қауіпсіздік саласындағы саясатын анағұрлым айқын анықтауға септесетін болады.

Еврокомиссия басшысының сөзінше, бұл жерде әңгіме НАТО-мен бәсеке жарыстыру емес, әлемде болып жатқан өзгерістер үшін Еуропаның көбірек жауапкершілік алу мүмкіндігі жайлы болып отыр. «Соңғы кездері Еуропаның беделіне айтарлықтай нұқсан келді, соның ішінде сыртқы саясат саласында бізді лайықты қабылдауды қойды» деді ол.

Талдаушылар жаңа бастамаға еуропалық интеграцияны қош көрмейтін Ұлыбритания қарсы болып, Германия бұл ұсынысты қолдауы ықтимал екенін айтады.

XS
SM
MD
LG