Accessibility links

Өзбекстанда қоғамдық белсенді жоғалып кетті


Өзбекстандағы құқық қорғаушылар альянсының белсендісі Аликул Сарымсоков
Өзбекстандағы құқық қорғаушылар альянсының белсендісі Аликул Сарымсоков

Өзбекстандағы құқық қорғаушылар альянсының белсендісі Аликул Сарымсоков 3 наурыздан бері із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметіне Сарымсоковтың әріптесі Шухрат Рустамов мәлімдеген.

Рустамов айтуынша, Сарымсоков 3 наурыздан бері байланысқа шықпаған, телефоны сөндірулі. Ол Сарымсоковты жергілікті полицейлер тұтқындауы мүмкін деп күдіктенеді.

Ташкент және Сарымсоков тұратын Жизақ аймағының полицейлері Азаттықтың Өзбек қызметіне оны қамауға алмағандарын айтқан.

Сарымсоков Ташкенттегі президент сарайының алдында өткен бірнеше қарсылық шараларына қатысып, қазіргі президент Ислам Каримовтың 29 наурызда өтетін президент сайлауына түспеуін талап еткен.

77 жасар Каримов 29 миллион халқы бар Өзбекстанды 1990 жылдан бері басқарып келеді.

Халықаралық ұйымдар Каримов үкіметі адам құқығын шектеп отыр деп жиі айыптайды.

XS
SM
MD
LG