Ирак әскерилері 10 наурызда Тикрит қаласының орталығы әл-Аламды "Ислам мемлекеті" экстримистік тобынан алғанын хабарлады.
Ирак әскері мен шиит жасақтары қаланы ИМ содырларынан толық босату үшін күресті жалғастыра бермек.
Ал Киркук провинциясының қауіпсіздік өкілдерінің хабарлауынша, курд әскерилері 100 жуық ИМ содырларын өлтіріп, олардың бақылауындағы 100 шаршы километр жерді басып алған.
Сондай-ақ Пешмерга әскерилері Киркук пен Мосулды жалғап жатқан автожолды да өз бақылауларына алған хабарланды.
Содырлар сегіз ай бұрын басып алған Тикрит қаласын олардан азат ету үшін наурыздың басынан бері соғыс жүріп жатыр. Содырларға қарсы операцияға 30 мыңға тарта Ирак әскері мен шиит жасақтары қатысып жатыр. Үкімет күштері Тикритті алса, одан ары солтүстікке қарай жылжып, радикалды исламшылдардан Мосул қаласын азат етуге мүмкіндік туады.