Accessibility links

ИМ "Израиль тыңшысын" өлтірген видео жариялады


"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары бейнеленген видеодан скриншот. (Көрнекі сурет).
"Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары бейнеленген видеодан скриншот. (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы "Израиль арнайы қызметіне тыңшылық жасады" деп айыпталған палестиналық жасөспірімнің өлтірілгені жайлы видеосын жариялады.

13 минуттық видео интернетке 10 наурызда жарияланды. Видеода өңі жас, комуфляж киген содыр үстіне қызғылт сары түсті камбинезон киіп, жерге тізерлеп отырған жас жігіттің артында тұрады. Француз тілінде сөйлейтін содыр тізерлеп отырған адамды Израиль арнайы қызметі - "Моссадтың" "Ислам мемлекеті" ұйымына тыңшылық жасауға жіберген адамы Мұхаммед Саид Исмаил Мусаллам деп таныстырады. Бұдан соң ол "Ислам мемлекеті" содырлары ұзамай "Иерусалимді азат ететінін" ескертеді.

Осыдан кейін содыр Мусалламның алдына барып, оны басынан атады.

Израиль арнайы қызметінің өкілдері Мұхаммед Саид Исмаил Мусалламды өткен жылдың қазан айында Сирияға "Ислам мемлекеті" жағында соғысуға кеткен дейді.

Мусалламның әкесі ұлының бірнеше ай бұрын Түркияға туристік сапармен барғанында із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып, "тыңшы" болғанын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG