Accessibility links

Назарбаевты президенттікке ұсынуды сұрады


"Нұр Отан" партиясының 16-съезі. Астана, 11 наурыз 2015 жыл.
"Нұр Отан" партиясының 16-съезі. Астана, 11 наурыз 2015 жыл.

"Нұр Отан" партиясы 16-съезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты партия атынан кезектен тыс президент сайлауына кезекті рет кандидат етіп ұсынуды сұрады.

Астанада өтіп жатқан съезге қатысушылар, оның ішінде академик Кенжеғали Сағадиев, биыл кезектен тыс сайлау өткізуді ұсынған Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Александр Башмаков президенттікке Назарбаевтың кандидатурасын ұсынуға шақырды.

"Елдің бүкіл аймақтарында, саяси топтар мен интеллигенция, халық арасында Нұрсұлтан Назарбаев - президенттікке лайықты кандидат деген идея бар" деген Сағадиев. Ал Башмаков ассамблея Сағадиевтің ұсынысын толық қолдайтынын мәлімдеген.

Қазақстанда кезектен тыс президенті сайлауы 26 сәуірде өтеді. Әзірге сайлауға түсу үшін Қазақстан коммунистік халықтық партиясының үміткері Тұрғын Сыздықов пен өзін-өзі ұсынған Астана тұрғыны, "Рухани әлем қоғамы" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Лимана Қойшиева қазақ тілі сынағынан өтіп, қолдаушылар тізімі мен қолын жинау парақшасы берілген.

XS
SM
MD
LG