Accessibility links

Grani.ru басылымы Еуропа сотына жүгінді


Ашылмай тұрған Grani.ru сайтынан скриншот.
Ашылмай тұрған Grani.ru сайтынан скриншот.

Ресей аумағында бұғатталғагн Grani.ru интернет-басылымы Еуропалық адам құқығы жөніндегі сотқа (ЕАҚС) жүгінді. Бұл туралы «Ведомости» газетіне адвокат Дамир Гайнутдинов хабарлаған.

Оның сөзінше, арыз иелері интернет-басылымын бұғаттаудың шын мәнісі оны жабуды білдіретіндіктен, пікір айту еркіндігінің бұзылып отырғанын айтып шағымданған.

Еуропалық сотқа жазылған арызда экстремизм мен жаппай тәртіпсіздіктерге шақырған сайттарды сотқа дейін де жабуға мүмкіндік беретін «Луговой заңы» бұқаралық ақпарат құралының құқықтық статусын ескермейді. БАҚ туралы заң бойынша, басылым қызметі тек құрылтайшының немесе соттың болмаса тіркеуші органның шешімі бойынша тоқтатылады немесе біржолата доғарылады.

Бұдан бір жыл бұрын Ресей бас прокуратурасының шешімі бойынша Grani.ru, Kasparov.ru, «Ежедневный журнал» сайттары мен «Живой журналдағы» Алексей Навальныйдың блогы бұғатталған. Прокуратура шешімінің күшін жоюды сұрап сотқа арыздану әрекеттерінен нәтиже шықпаған.

Алексей Навальный өз блогының бұғатталғанына ЕАҚС-қа бұған дейін арыз түсіріп қойған. Kasparov.ru сайты да Страсбургтегі сотқа шағым беруді жоспарлап отыр. Ал «Ежедневный журнал» әзірше Ресей сотының барлық сатыларынан өтіп біткен жоқ.

XS
SM
MD
LG