Accessibility links

Президенттікке төртінші үміткер тіл сынағынан өтті


Қазақстан президентін кезектен тыс сайлауға өзін-өзі ұсынған 52 жастағы алматылық Қанат Төрегелдиев бүгін қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын сынақтан өтті деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Сынақ алатын лингвистикалық комиссия Төрегелдиев "қазақ тілін еркін меңгерген" деп тапты. Мемлекеттік тіл емтиханын осымен төртінші үміткер сәтті тапсырды.

Кеше "Нұр Отан" партиясының кандидаты, президент Нұрсұлтан Назарбаев сынақтан өткен. Бұған дейін өзін-өзі ұсынған "Рухани қоғам әлемі" қоғамдық қорының жетекшісі Лимана Қойшиева, Коммунистік халықтық партиясы ұсынған Тұрғын Сыздықов та "қазақ тілін еркін меңгерген" деген баға алған. ОСК оларға өзін қолдайтындар қолын жинайтын парақшалар берген.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну осы аптада, 15 наурызда аяқталады.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG