Accessibility links

ДСҰ: Эболадан опат болған адам 10 мыңнан асты


Либериядағы Эболаға қарсы насихат плакаты. (Көрнекі сурет).
Либериядағы Эболаға қарсы насихат плакаты. (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) Эбола вирусынан қаза тапқан адамдар саны 10 мыңнан асқанын хабарлады.

Батыс Африкадағы індеттің негізгі ошақтары - Сьерра-Леоне, Гвинея мен Либерияда Эбола тарала бастаған бір жылдан астам уақыт ішінде 10 мың 4 адам қаза тапқан. Індеттен Малиде - алты адам, АҚШ-та - бір адам, Нигерияда сегіз адам көз жұмған. ДСҰ дерегінше, Батыс Африкада екпе уақтылы жасалмағандықтан, енді қызылша ауруы таралу қаупі бар.

XS
SM
MD
LG