Accessibility links

Навальныйды түрмеге қамауды соттан сұраған


Оппозициялық белсенді Алексей Навальныйдың 15 тәулік әкімшілік қамауда болып шыққан сәті. Мәскеу, 6 наурыз 2015 жыл.
Оппозициялық белсенді Алексей Навальныйдың 15 тәулік әкімшілік қамауда болып шыққан сәті. Мәскеу, 6 наурыз 2015 жыл.

Ресейдің жазаны орындау федералдық қызметі (ФСИН) Мәскеудің Люблин аудандық сотынан «Кировлес ісі» бойынша оппозициялық белсенді Алексей Навальныйға шығарылған шартты жазаны қамау жазасына алмастыруды сұраған. Бұл туралы ресейлік агенттіктер хабарлады.

ФСИН талабы оппозиционердің Мәскеу метросында үнпарақтар таратқаны үшін жақында сот шешімімен әкімшілік қамауда отырып шыққандығымен байланысты болуы мүмкін деген Навальныйдың адвокаты Ольга Михаилова.

Навальныйдың тағы бір адвокаты Вадим Кобзев ФСИН оппозициялық белсендіге тағайындалған жаза түрін қатаңдатуды соттан сұрағанын өзіне растағанын айтқан.

2013 жылы шілденің 18-і күні Ресейдің Киров қаласының Ленин аудандық соты «Кировлес ісі» бойынша қылмыстық айып тағылған белгілі блогер, азаматтық белсенді Алексей Навальныйды айыпты деп танып, бес жыл мерзімге бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарған. Оның «сыбайласы» ретінде айыпталған кәсіпкер Петр Офицеров төрт жылға түрме жазасына кесілген. Кейін Киров облыстық соты екеуінің бас бостандықтарынан айыру жазаларын шартты жазаға алмастырып, 500 мың рубль айыппұл салған.

Алексей Навальный өзіне тағылған айыптың саяси астары бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG