Accessibility links

Астаналық медиатор өзін президенттікке ұсынды


Орталық сайлау комиссиясы баспасөз орталығы. 12 наурыз 2015 жыл.
Орталық сайлау комиссиясы баспасөз орталығы. 12 наурыз 2015 жыл.

Астаналық 52 жастағы медиатор Қанат Есжанов кезектен тыс президент сайлауына кандидаттыққа өзін өзі ұсынды. Бүгін ол Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды деп хабарлайды Tengrinews сайты.

Бұған дейін қазақ тілі сынағынан сәтті өткені хабарланған тағы бір үміткер – өзін өзі ұсынған Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайыновқа кандидатурасын қолдайтын сайлаушылардан қол жинау парақтары берілген.

Сайлауға қатысуға өзін өзі немесе саяси ұйымдар ұсынған 25 адамнан қазірге дейін бес үміткер – биліктегі «Нұр Отан» партиясы атынан президент Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан коммунистік халықтық партиясынан Тұрғын Сыздықов, өзін-өзі ұсынғандар – Лимана Қойшиева, Қанат Төрегелдиев пен Әбілғазы Құсайыновқа қол жинау үшін тиісті құжаттар берілген.

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 15 наурызда аяқталады. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 26 сәуірде өтеді.

XS
SM
MD
LG