Accessibility links

Донецк әуежайынан қаза болғандар табылған


Донецк әуежайында жүрген ресейшіл сепаратистер. 4 наурыз 2015 жыл.
Донецк әуежайында жүрген ресейшіл сепаратистер. 4 наурыз 2015 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) миссиясының есебінде Украинаның шығысындағы Донецк қаласының әуежайы орнынан украиналық әскерилердің сүйектері табылғанын хабарлады. ЕҚЫҰ миссиясының наурыздың 13-індегі есебі сенбі күні жарияланған.

Шетелдік сарапшылар өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» өкілдері келгенін көрген. «ДХР» адамдары өздері тұтқында ұстап отырған украиналық 20 сарбазды шайқас болған жерге қаза тапқандардың сүйектерін іздеуге әкелгенін айтқан.

Қаза тапқандардың сүйектерін алдын ала анықтау және олардың жеке заттарын әуежай аймағында Халықаралық Қызыл крест комитетінің өкілдеріне тапсырған кезде сол жерде ЕҚЫҰ миссиясы мамандары да болған деп хабарлады УНИАН агенттігі.

Украина үкіметі қаңтардың 22-і күні Донецк әуежайы аумағын бақылаудан айрылғанын мәлімдеген. Кейбір мәліметтер бойынша, ақпан айынан наурыздың басына дейінгі аралықта әуежай орнынан үш жүзден аса әскери қызметкерлердің сүйектері табылған.

XS
SM
MD
LG