Accessibility links

Жексенбі күні кешкі сағат сегіз шамасында Алматы аймағында болған жер сілкінісінің дүмпуі алматылықтарға да сезілді.

Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы жер сілкінісінің Алматыда сезілуі МSК-64 шкаласы бойынша 4-5 балл шамасында деп хабарлады.

«Наурыздың 15-і Алматы уақытымен 20 сағат 1 минутта Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 28 шақырым жерде, Қазақстан аумағында 6,3 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, оның ошағы 15 километр тереңдікте болған» делінген орталық ақпаратында.

Алматыда көпқабатты үйлерде тұратын тұрғындар төбедегі люстралар шайқалып, шкаф сөресіндегі ыдыстар сыңғырлағанын айтады.

Қираған нысандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG