Accessibility links

Путин Солтүстік флотты әскери дайындыққа келтірді


Ресейдің Мурманск облысындағы "Владимир Мономах" атом сүңгуір қайығы. (Көрнекі сурет).
Ресейдің Мурманск облысындағы "Владимир Мономах" атом сүңгуір қайығы. (Көрнекі сурет).

Ресей президенті Владимир Путин бүгін Солтүстік флот әскері мен Батыс әскери округінің бірқатар бөлімдерін және әуе десанты күштерін толық әскери дайындыққа келтіруге бұйрық берді.

Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың хабарлауынша, әскери дайындықты тексеру жаттығуына 38 мыңға тарта әскери қызметкер, үш мыңнан астам әскери техника, 41 кеме мен сүңгуір қайық, 110 ұшақ пен тікұшақ қатысқан.

2014 жылдың көктемінен бері Ресей әскері бірнеше ірі әскери жаттығу өткізген. Өткен жылдың сәуірінде Украинамен шекарада Оңтүстік және Батыс әскери округтері жаттығу өткізді. Маусымның соңында Путин Орталық әскери округте жоспарланбаған тексеру жариялады. Қыркүйек айында өткен "Восток-2014" жаттығуына 150 мыңнан астам әскери мен сегіз мыңға жуық әскери техника қатысты. 2015 жылдың ақпанында Ресейдің Украинадан аннексиялап алған Қырымда Ресей жағалау күзеті бригадасының жаттығуы өтті.

Батыс елдері мен Украина Ресей қарулы күштерінің жоспарланбаған әскери жаттығу өткізуді көбейткеніне алаңдайды.

XS
SM
MD
LG